Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда жылыту маусымы басталды

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 10:05

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бүгіннен бастап жылыту маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков бұл жайында әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады.

«Петропавл қалалық әкімдігінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 881 қаулысы негізінде 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымы 18 қыркүйектен басталады. Бірінші кезекте жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға, одан соң көпқабатты тұрғын үйлерге беріледі. Кейін әкімшілік нысандар, оқу орындары, театрлар жылуға қосылады», - деп жазды Болат Жұмабеков.

Петропавлда жылыту маусымы былтыр да осы уақытта басталып, биыл 30 сәуірде аяқталған еді. Әдетте нысандар кезең-кезеңмен қосылып, бұл жұмыстар он күнге дейін созылады. Бастапқыда балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары және білім мекемелеріне жылу берілмек. Кейін тұрғын үйлер қосыла бастайды, онда да жылыту маусымына дайындық құжаты және жылу қуаты есептегіштері бар баспаналарға басымдық берілмек.

Жалпы облыс орталығында 1090 көпқабатты тұрғын үй бар. Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда олардың 1022 ғана құбырларды жуып-шаю сияқты тиісті жұмыстарды жүргізген.


Жоғары қарай