Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда жедел жәрдем көлігі ағашқа соғылды

2021 жылдың 21 тамыз 2021 17:57

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жедел жәрдем көлігі ағашқа соғылып, жүргізушісі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін Петропавлда таңғы сағат 04.30 шамасында болған. Жедел жәрдем көлігінің соғылып, жанып жатқан сәті әлеуметтік желіде пайда болды.

Петропавл қалалық полиция басқармасы бұл оқиға жайында түсінік берді. «Газ» маркалы жедел жәрдем көлігін 1966 жылы туған ер адам басқарған. Ол Ғ.Мүсірепов көшесімен Тауфик Мұхамед-Рақымов көшесіне қарай келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан жол шетіндегі ағашқа соғылған.

Медициналық куәландыру ер адамның спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті.

Жол-көлік оқиғасынан «Газ» машинасының жүргізушісі жарақаттанды. Медициналық көмек көрсету үшін ол облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Осы оқиға бойынша әкімшілік материал жиналып, процессуалдық шешім шығару үшін Петропавл қалалық полиция басқармасына берілді.


Жоғары қарай