Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда ветинспектор пара алды деп күдікке ілінді

2020 жылдың 9 шілде 2020 22:31

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім еткендей, ветеринарлық инспектор базар аумағына қара мал мен шошқа етін міндетті тауар сүйемелдеу құжаттарынсыз кіргізген. Бұл қызметі үшін ол кәсіпкерлік субъектілерінен күн сайын жүйелі түрде 2 мыңнан бастап 10 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алып отырған деп күдіктелуде.

Заңсыз әрекетке барған 3 жеке кәсіпкер де енді жазаға тартылуы мүмкін, оларға қатысты пара беру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бұл факті сыртқы талдау барысында анықталғандай бақылау-қадағалау функциясын жүргізудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуынан орын алды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі аясында жариялауға жатпайды», - делінген баспасөз хабарламасында.


Жоғары қарай