Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда велоспорттан республикалық жарыстар өтіп жатыр

2021 жылдың 15 маусым 2021 01:03

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Петропавлда шосседегі велоспорттан республикалық жарыстар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Петропавлда 14 маусым мен 20 маусым аралығында шосседегі велосипед спортынан төрт республикалық жарыс өтпек. Олар: ерлер мен әйелдер арасында ҚР Ұлттық чемпионаты; Жастар ойыны-2021; командалық эстафетада ҚР чемпионаты және паралимпиадашылар арасында ҚР Ұлттық чемпионаты.

Жастар ойыны 4 жылда бір рет ұйымдастырылады. Алдымен жарыс жолына юниорлар, кейін жұп-командалық жарысқа қыздар шықты. Бұл маңызды ойындардың бірі. Себебі жарыста алынған ұпайлар Халықаралық велосипедистер одағының есебіне кіреді, кейін спортшыларға Әлем чемпионатына немесе Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік бар.








Жастардан кейін шоссеге паравелосипедшілер шықты. Бұл паралимпиадашылар арасында велоспорттан ұйымдастырылған алғашқы Ұлттық чемпионат.

Юниорлардан командалық жарыста жеңіске жеткендер (40 км):

1. Дмитрий Волокитин, Владимир Колтунов, Максим Тараскин, Андрей Ремхе (Алматы облысы)

2. Матвей Воробьев, Никита Коняев, Максим Конкин, Алексей Ваганов (СҚО)

3. Максим Полохов, Максим Хорошавин, Илья Карабутов, Александр Мусабаев (Қарағанды облысы).

Қыздар арасында жұп-командалық жарыста жеңіске жеткендер (25 км):

1. Елена Мандракова, Нина Зайцева (Нұр-Сұлтан)

2. Бота Батырбекова, Виолетта Казакова (Алматы облысы)

3. Карина Абдрахманова, Нина Штро (Қарағанды облысы).

Паралимпиадашылар арасында, жеңіске жеткен ерлер (15 км):

1. Кенжегүл Сейтжан, Нұржан Нұрланов

2. Александр Надобенко, Антон Жданович

3. Қайрат Қанафин, Арлан Тоқбаев

Әйелдер арасында (15 км):

1. Виктория Безматенная, Ульяна Сухоребрик

2. Гүлхая Жуашбаева, Любовь Ренева

3. Жұлдыз Сәрсембаева, Дария Хошимова.


Жоғары қарай