Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда ұры әйелдің қолынан 4 млн теңгесі бар пакетті жұлып әкетті

2020 жылдың 25 шілде 2020 16:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер әйелдің 4 млн теңге салынған пакетін ала қашқан ұрыны алысқа ұзатпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 шілде күні сағат 10.00 шамасында «Корона» сауда үйінің маңында болған. Ұры Петропавл тұрғынының қолынан ақша салынған пакетті жұлып алып, үйлердің арасымен қаша жөнелген.

Абдырап қалған әйелдің көмек сұраған даусын патрульді полицейлер естиді. Аулалардың бірінде жасырынбақ болған ұрының соңына түседі. Қуғыншыны байқаған қаскөй қолындағы пакетін лақтыра салып, жасырынбақ болды. Алайда, полиция қызметкері қуып жетіп, оны келген жедел-тергеу тобына тапсырды. 4 млн аастам теңге болған пакет иесіне қайтарылды.

«Мен абыржып қалдым. Ұры мен полицейлердің соңынан жүгіре кетіппін. Кейін полицияға хабарласу керек қой деп ойладым. Кері жүгірдім. Өтіп бара жатқан әйелдер полицияға хабарласуға жәрдемдесті. Полицейлерге алғысым шексіз», - деп қала тұрғыны өз ризашылығын білдірді.

Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған күдікті - 34 жастағы Петропавл тұрғыны. Бұрын бірнеше рет сотталған екен.


Жоғары қарай