Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда шаңғы базасының аумағын қалпына келтіруге 70 млн теңге жұмсалды

2020 жылдың 8 тамыз 2020 05:11

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы Борки кентіндегі шаңғы базасының аумағы күрделі жөнделіп, күз басталғанша пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдағы Александр Винокуров атындағы спорт сарайы маңын көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Ғимараттың жан-жағына жаңадан асфальт төселді. Ал жақында мұндағы мұз айдынында жарықтандыру жүйесі жаңғыртылмақ. Қазір жұмысшылар жаңадан көрермендер мінберін орнатып жатыр. Барлық жұмысқа 28 млн жуық теңге бөлінген. Мердігер компания құрылысты тамыз айының соңына дейін бітіріп, тапсырмақ.

Петропавлдағы Борки кентінде орналасқан шаңғы базасында көгалдандыру жұмыстарының басталғанына екі ай өткен.

«Жаңа асфальт 15 мың шаршы метр аумаққа төселеді. Тендерді ұтып алған «Петропавл жолдары» ЖШС негізгі жұмыстарды аяқтауға жақын. Шаңғы-роллер жолы толықтай жаңаланды. Қазір ол аэродромның ұшып-қону жолағына ұқсайды. Барлық жұмысқа 70 млн теңге бөлінген», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Марат Шынтеміров.

Шаңғы базасындағы жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Нысан пайдалануға берілісімен спортшылар өз жаттығуларына кіріседі. Нысанның аумағын жаңғырту нәтижесінде бірқатар спорт түрлерінен сапалы түрде спорт шеберлерін шыңдауға мүмкіндік берілмек.

«Шаңғы базасының аумағы қала тұрғындарына үнемі ашық. Бүгінде ол белсенді демалысты ұнататын көпшіліктің сүйікті орнына айналған. Петропавлдықтар бұл жерде жүгіріп, велосипед, ролик, скейтборд тебе алады», - дейді Марат Шынтеміров.



















Жоғары қарай