Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда провизорлық стационардың біреуі жабылды

2020 жылдың 15 тамыз 2020 10:53

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жоғары оқу орнының жатақханасында ашылған провизорлық стационар жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт артуына байланысты шілде айының басында оқу орнының жатақханасында провизорлық стационар ашуға тура келді. Нысан толығымен қажетті медициналық қондырғымен, дәрі-дәрмекпен, жатын орынмен қамтылды. Стационарда жұмыс істеген медициналық қызметкерлер 452 науқасты вирустан емдеп, жазды.

Қазіргі уақытта өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Осыған орай провизорлық орталықтағы соңғы сырқаттардың бір бөлігі үйіне жіберіліп, енді бірқатары облыстық көпсалалы ауруханаға ауыстырылды.





Бұған дейін СҚО-дағы провизорлық және инфекциялық стационарларда медициналық көмек көрсету бойынша жағдайдың тұрақталды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде бес есе – 271-ден 51-ге дейін азайған.

Стационарларда емделіп жатқандардың саны 2 есе - 94%-дан 38%-ға дейін қысқарды.

СҚО-да 14 тамызда 28 адамда коронавирус инфекциясы анықталып, жұқтырғандардың жалпы саны 3 699-ға жетті. COVID-19-дан 2 549 адам жазылды.

Ал жұмыс орнында коронавирус жұқтырған медициналық қызметкерлерге 2 млн теңгеден төлем беріле бастады. СҚО-да осындай әлеуметтік төлемді 48 адам алмақ.



Жоғары қарай