Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда Пестрое көлінің жағасынан 100 қаптан астам қоқыс шығарылды

2021 жылдың 23 тамыз 2021 16:18

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Экологиялық күзет» жобасы аясында сенбілік өтіп, Пестрое көлінің маңынан 114 қап қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы экология департаментінің мәліметінше, Петропавлдағы Пестрое көлінде өткен экологиялық акция «Экологиялық күзет» жобасы аясында өтті. Іс-шараға волонтерлар, экология департаментінің, Есіл облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері, «Радуга» ЖШС өкілдері және Петропавл тұрғындары қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар акцияға қатысушыларды қажетті құралдармен – қолғап, қаптармен қамтамасыз етті.







«Сенбілік жайында алдын ала бірнеше апта бұрын жергілікті газеттерде хабарландыру болды. Сондықтан болар іс-шараға осы жолы біраз адам қатысты. Бұл акцияның бұрынғыдан өзгешелігі - жиналған қоқысты осы жерде екіге бөлеміз. Қайта кәдеге жаратуға болатынын қоқыс өңдейтін кәсіпорынға жібереміз. Олар картон, қағаз, пластик бөтелкелер,полимер пакеттер, алюминий банкалар», - дейді «Экологиялық күзет» жобасының үйлестірушісі Азат Жұмағұл.

Петропавлдың маңында орналасқан Пестрое көлі қала тұрғындары мен қонақтардың сүйікті демалыс орны. Ыстық күндері оның жағалауында демалушылардан аяқ басар жер болмайды.

«Көл басына халық көп жиналады, алайда олардың барлығы бірдей өздерінен кейін қоқысты жинап жүрмейді. Іс-шара өтетінін естігеннен кейін оған қатысуға ынта білдірдік.
















«Қазақстан ғарыш сапары» арқылы Петропавлдың қасында 50 км радиуста 340 қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың жартысына жуығын жергілікті атқарушы орган тазалады. Оларға 15 қыркүйекке дейін бұл заңсыз полигондарды жою жөнінде талап қойылған», - дейді СҚО экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Өңірдің бас экологының айтуынша, СҚО аумағында қазір 460 қоқыс полигоны бар, оның тек 16-сының ғана құжаттары дұрыс.

Ал, сенбілікке қатысушылар бұл күні барлығы 114 қап қоқыс жинады. Оның 89-ы қайта өңдеуге жіберіледі.








Жоғары қарай