Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Петропавлда мейрамханадан 200 адам эвакуацияланды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 10:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Түнде Петропавлдың өрт сөндіру қызметі мейрамханадағы өртке байланысты шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Есіл» мейрамханасының жертөлесінде түн ортасында өрт шыққан. Оқиға орнына бірнеше бөлімнің өрт сөндірушілері барды. Мейрамханадан 200 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде 15 бала болған.

«Мейрамхана мен жақын орналасқан көпқабатты ғимарат арасындағы жылу құдығында өрт шыққан. Онда 6 шаршы метрлік алаңда қоқыс жанған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Өрт жарты сағаттың ішінде толықтай сөндірілді. Оның шығу себебі анықталып жатыр.




null

Жоғары қарай