Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Петропавлда карантин талабын сақтамаған 246 нысан анықталды

2020 жылдың 11 маусым 2020 20:47

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жүргізілген рейдтер барысында 3 мыңға жуық нысан тексерілды. Соның 246 карантин талаптарын бұзу жағдайлары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, тәртіп сақшылары халық көп жүретін қалалық саябақты, жазғы дәмханаларды аралап, санитарлық қауіпсіздік талаптарының орындалуын қадағалады.

Мамандардың айтуынша, төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін тұрғындар арқаны кеңге салып, қауіпсіздік шараларына мән беруді қойған. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, 1 маусымнан бастап Петропавл қалалық саябағы есігін айқара ашты. Алайда қызметкерлер көңіл көтеру орнында санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Яғни, міндетті түрде маска мен резеңке қолғап киіп, әткеншектерді әр 2-3 сағат сайын зарарсыздандырулары тиіс. Келушілердің ара қашықтықты сақтауын да қадағалауға міндетті. Бұл талаптар халық көп шоғырланған барлық әлеуметтік нысандарда сақталуы тиіс. Алайда көп жағдайда осының бәрі орындалмайды.




«Рейд барысында анықтағанымыз, көптеген нысандарда санитайзерлер болмайды. Жалпы жиі кездесетін олқылықтар: сатушылардың маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсетуі және келушілердің де бетпердесіз болуы. Бүгін біраз нысандарда болдық, талапты бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Соңғы шешімді сот шығарады», - дейді СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлімінің бас маманы Бақтияр Саду.

Рейдті эпидемиолог мамандар мен полицейлер күн сайын жүргізіп келеді. Осы уақытқа дейін 2788 нысан тексеріліп, карантин талабын сақтамаудың 246 дерегі анықталды. Полицейлер кәсіпкерлерге қатысты 28 әкімшілік материал жинап, СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолдады. Қазір соттың қарауында 13 материал жатыр.


Жоғары қарай