Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда қала сыртында өртенген қамысты сөндіруге 70-тен астам маман жұмылдырылды

2020 жылдың 17 қазан 2020 05:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы Сенная база аумағында өрт шығып, дауылдың салдарынан оны үш сағаттан кейін ғана толық сөндіру мүмкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 19.03 минутте Петропавлдың шеткері аудандарының бірі – Сенная база аумағында қамыстың жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түседі. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің алғашқы тобы жақын маңдағы тұрғын үйлерге және өнеркәсіп нысандарына қауіп төнгенін көреді. Бірден жоғары өрт қаупі деңгейі жарияланып, жергілікті атқарушы органдар ескертілді.

«Қатты желде, әрі қараңғыда батпақты жерде жалынмен күресу оңай болған жоқ. Төтенше жағдай орнын полиция қызметкерлері қоршады. Өртпен күреске 10 техника мен жеке құрамнан 61 адам және «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 1 техника мен 3 адам және жергілікті атқарушы органдардан 5 техника мен 9 адам жұмылдырылды.

Өрт шамамен 10 га аумақты шарпыды. Өрт толығымен сағат 22.19 минутта сөндірілді. Мамандардың айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.



Жоғары қарай