Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда екі мотоциклшінің жарақаттануына себепші болған көлік жүргізушісі ұсталды

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 21:45

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жол-көлік оқиғасына себепші болып, апат орнынан кетіп қалған көлік жүргізушісі анықталып, ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат кешкі 22.00 шамасында Петропавлдағы М.Жұмабаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында екі мотоциклші жарақат алған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтады. Белгілі болғаны, шетелдік көлік жүргізушісі солға бұрылғанда екі мотоциклшіге жол бермеген, соқтығысуды болдырмаудың нәтижесінде байкерлер аударылған. Олардың екеуі де жарақат алды, біріне медициналық көмек қажет болды, кейін үйіне жіберілді. Ал көлік жүргізушісі апат болған жерден кетіп қалған.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы іздестіру тобының қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде полицейлер көліктің маркасын анықтады. Оқыс оқиға жедел басқару орталығының камераларына жазылып қалыпты. Сонымен қатар, полицейлер шетелдік машинаны басқарған жүргізушіні анықтауға мүмкіндік беретін қосымша жедел іс -шаралар жүргізді. Нәтижесінде 45 жастағы Volkswagen Touareg автомашинасының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы, 1-бөлігі және 611-баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды.

«Биыл іздестіру тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасы кезінде адамдар зардап шеккен, бірақ оқиға орнынан қашып кеткен кінәлі 20 жүргізушіні анықтап, ұстады. Бейнебақылау камералары - бұл жұмыстың тиімді болуына ықпал ететін құрал екендігін айта кету керек. Жеке ұйымдардың ғимараттарында орналасқан камералардың да қылмысты ашуда көмегі зор», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Айдын Байматов.


Жоғары қарай