Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда Daewoo Matiz жүргізушісі 50 жастағы әйелді соғып кетті

2020 жылдың 25 қараша 2020 06:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші өткелі арқылы өтпек болған 50 жастағы әйелді соғып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қараша күні сағат 8.00 шамасында болған. Daewoo Matiz автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Жамбыл көшесінің бойымен Труд көшесіне қарай келе жатып жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді соғып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші жарақаттарымен үшінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Daewoo Matiz жүргізушісі медициналық куәландыруға жіберілді, оның спирттік ішімдік ішпегені расталды.

Осы оқиға бойынша материал жиналып, процестік шешім қабылдау және одан әрі мамандандырылған әкімшілік сотқа жолдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөліміне тапсырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

«Барлық жол қозғалысына қатысушылар көктайғақ кезінде қауіпті маневрлер мен шұғыл тежеу жасаудан бас тарту қажет. Тұман болған кезде ара қашықтықты қатаң сақтап, ақырын жүру керек. Қыста, әсіресе көктайғақта жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың жолдарда аса ұқыпты болып, бастарын қатерге тікпегендері абзал. Келіп қалған көлік тоқтап үлгермеуі мүмкін», - дейді Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов.

Жыл басынан СҚО жолдарында 159 жол-көлік оқиғасы тіркелеген, салдарынан 30 адам мерт болып, 206-сы жарақат алды.


Жоғары қарай