Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Петропавлда бүлдіршіндер робот-полицей жасады

2019 жылдың 24 наурыз 2019 11:39

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы «Алтын бесік» балалар бақшасының тәрбиеленушілері полицияға қажетті роботтар жасау туралы идеяларын жүзеге асырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мектепке дейінгі білім беру мекемесінде STEM-зертханасы өз жұмысын бастаған. Мұндағы алғашқы көрме жұмысы полиция саласындағы робот техникасына арналған.

«Арнұр Қаратай жол апатын болдырмау үшін көлік қозғалысын реттеуге міндетті робот-реттеушіні көрсетті. Таир Валеев гидроскутермен жүретін роботтардың бір жағдай бола қалған кезде қалай көмектесетінін айтты. Көтергіш кранның жұмысы туралы Маруан Байзақ баяндады. Бүлдіршіндер робот-эвакуаторларды, көтергіш крандарды, дрондарды, броньды машиналарды құрап шығарған. Жас өнертапқыштар олардың идеясының полиция жұмысына үлкен көмек болатынына сенімді», - деді баспасөз қызметінен.

Инновациялық идеяларды ұсынған балалардың әкелері құқық қорғау органдарында жұмыс істейді.


Роботов-полицейских создали дошколята Петропавловска

«Бұл полиция департаменті мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің бірлескен жобасы. Оның басты мақсаты - балалардың құқықтық санасын көтеру, полиция мамандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында балалардың инновациялық ойларын жүзеге асыратын алаң құру туралы идеяны қолдадық», - деп атап өтті Тылды қамтамасыз ету басқармасының бөлім бастығы Қазбек Ілиясов.


Роботов-полицейских создали дошколята Петропавловска


Роботов-полицейских создали дошколята Петропавловска


Роботов-полицейских создали дошколята Петропавловска

Жоғары қарай