Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Петропавлда бір күнде карантин тәртібін бұзған 19 кәсіпкер анықталды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 15:07

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда тәртіп сақшылары кәсіпкерлердің карантиндік шараларды сақтауын тексеру үшін рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд Петропавл қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарымен бірге жүргізіледі. Басты назарға жолаушылар көлігі, сауда орындары алынды. Нәтижесінде бір күнде 46 нысан қамтылып, жартысында карантин талаптарының сақталмайтыны анықталды.

Жеті автобус жүргізушісі маска тағу режимін бұзған. Тағы бір жүргізушінің қолғабы мен санитайзері болмай шықты. Сондай-ақ, тексерушілер үй астындағы дүкендердің кіреберісінде зарарсыздандырылмай, құрғап жатқан кілемшелерді анықтады. Сатушылар көп жағдайда маскані тиісті түрде тақпайды немесе бетпердесіз жүреді екен. Дүкендердің бірінде кезек күткен адамдар жиналып қалған, талап бойынша дүкеннің ішінде екі адамнан көп болмауы тиіс, қалғандары әлеуметтік арақашықты сақтай отыра, сыртта тұруы керек.




«Төтенше жағдай режимі тоқтатылғанына қарамастан, облыста карантиндік шектеулер күшін жойған жоқ. Облыстың географиялық орналасуын ескерсек, кез келген уақытта қауіпті індет өршуі мүмкін. Өңірдің қауіпсіздігі бірінші кезекте, тұрғындардың шектеулерге жауапкершілікпен қарауына байланысты. Бірлескен рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Оның мақсаты – карантин жағдайындағы жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыру», - дейді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Рейд барысында карантиндік талаптарды сақтамаудың 19 дерегі анықталды. Тәртіп сақшылары жиналған материалдарды хаттама толтыру үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне тапсырды.


Жоғары қарай