Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Петропавлда АӘК алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығы таратылып жатыр

2020 жылдың 11 наурыз 2020 20:53

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік жиынтықты тарату іс-шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, азық-түлік жиынтығы балалардың жасына байланысты ерекшеленеді. 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін екі санат бойынша беріледі. Бірақ, әлеуметтік жиынтықтың құрамы республика бойынша бірдей.

«Жиынтық физиологиялық ерекшеліктерді, азық-түліктің тағамдық және энергетикалық құндылығының ара қатынасын және жасқа сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары негізінде құрылған. Өнімдер дәруменге бай, бұл өсіп келе жатқан ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік береді», - дейді мамандар.




1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған жиынтыққа сүт, печенье, ботқа, дақылдардың қауызы және балалар пюресі енген. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік жиынтығы сүттен, макароннан, сұлы қауызынан, күнбағыс майынан, гематогеннен, таңғы асқа арналған өнімнен, балалар печеньесінен, арпа, қарақұмық жармасынан, бұршақ пен балдан тұрады.

Петропавл қаласы бойынша 1-3 жас аралығындағы балаларға 197 азық-түлік жиынтығы, ал 3-6 жас аралығындағыларға 168 пакет таратылмақ.


Жоғары қарай