Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Петропавлда 30 жастағы ер адам зейнеткер әйелдерді тонап келген

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 19:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда егде жастағы әйелдерді алдап, тонады деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Петропавлдағы «Уют» дүкенінің маңында қылмыскердің егде жастағы әйелдің әмиянын ұрлады деген хабарлама келіп түсті.

Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, белгісіз ер адам оған пәтеріне дейін көтерілуге көмектескен, кейін ішуге су сұрап, кетіп қалған. Көп ұзамай әйел 120 мыңнан астам теңгесі салынған әмиянының жоғалғанын анықтайды. Осыған ұқсас жағдай бірнеше күннен кейін, 314-ші атқыштар дивизиясы көшесіндегі бір үйде болған. Бұл жолы ер адам зейнеткер әйелге үй подъезінен пәтеріне жетуге көмектескен. Кейін әйел 16 мың теңгесінің жоғалғанын білген.

Жедел іздестру іс-шаралары барысында 1991 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған екен. Ер адам зейнеткерлерге көмек көрсету арқылы сеніміне кіріп, ақшаларын қолды етіп отырған. Ұрланған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған фактілер «Ұрлық» және «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ер адам қамауға алынды, тергеу жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай