Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Петропавлда 27 жастағы жігіт жоғалып кетті

2020 жылдың 1 шілде 2020 00:44

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда екі апта бұрын үйінен шығып, қайтып оралмаған 27 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Андрей Викторович Науменко 1993 жылы Петропавлда туған. Екінші топтағы мүгедек. 15 маусым күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Ол сол күні сұр түсті күртеше мен шалбарда, қою көк түсті бас киімде және қара кроссовкиде болған. Бойы шамамен 170 см, арықша келген, шашы қысқа-ақшыл сары, боз көзді, оң жақ жағының астында отадан қалған із бар.

«Оны көргендерден, жүрген жерін білетіндерден 8 (7152) 39-48-37 телефон нөміріне немесе «102» пультіне хабарласуды сұраймыз. Қазіргі уақытта із-түссіз кеткен жігітті іздестіріп жатырмыз, оның үйден кетуіне еш себеп болмаған. Спирттік ішімдікке салынғандарға қарағанда мұндай адамдарды табу қиын», - дейді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Жалпы, жиі жоғалатындардың бірі – маскүнемдер. Олар туған-туыстарын ескертпей бөтелкелестерінің үйін жағалайды екен. Жақында тәртіп сақшылары осындай 29 жастағы жігіттің жүрген жерін анықтады. Ол екі апта бойы тұрақты мекенжайы жоқтардың қасында болыпты.

«Петропавл тұрғынынан жауап алдық, арыз жазған анасына баласының табылғанын жеткіздік. Өкінішке орай мұндай оқиғалар жиі болып тұрады. Алайда оларды табу жеңіл. Көбіне таныстарының үйінен немесе жалға алынған пәтерден табылады», - дейді Руслан Назаров.

Жалпы жыл басынан із-түзсіз кеткендер жайында 201 арыз түссе, тәртіп сақшылары соның 186-сында жоғалғандарды бір тәулік ішінде тапқан. 15 жағдайда іздеу операциясына үшеуден артық күн кеткен.


Жоғары қарай