Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавл жолдарында бейнебақылау жүйесінің көмегімен 4 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді

2020 жылдың 4 шілде 2020 00:36

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 7 «интеллектуалдық» көше қиылысы бар. Жыл басынан фото-бейнебақылау құрылғыларының көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4 мыңға жуық дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп кету және жылдамдық режимін бұзу сияқты құқық бұзушылықтарды тіркейтін бейнебақылау жүйесі Жамбыл – Партизан, Жамбыл – Ғ. Мүсірепов, Н.Назарбаев – Интернационал, Сүтішев – М. Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан.

Ал Астана – Интернационал, Жамбыл – Интернационал, Н.Назарбаев – Абай көшелерінің қиылысында техникалық құралдар бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетуді және тоқтау сызығынан шығып кетуді тіркейді.

«Облыс орталығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында фото-бейнебақылау жүйесі іске қосылған. Аталған профилактикалық шаралар автожүргізушілерді тәртіпке шақырады, бұл апат жағдайын төмендетуге септігін тигізеді», - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов.








Петропавлда барлығы 7 «интеллектуалдық» көше қиылысы бар. Жыл басынан бері бақылау-өлшеу құрылғыларының көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3825 дерегі тіркелді. Олардың негізгі бөлігі тоқтау сызығынан шығу кетуге қатысты. Бұған 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бағдаршамның тыйым салу белгісінен өткендерге 10 АЕК, жылдамдықты асырғандарға 10-нан 15 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Құқық бұзушы осы айыппұлдардың жартысын ғана төлей алады. Тек ол үшін СMС немесе пошта арқылы хабарлама алған 7 күн ішінде төлем жасау қажет.


Жоғары қарай