Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавл қаласында электр энергиясын беру тарифі төмендеді

2020 жылдың 29 қазан 2020 22:56

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Оңтүстік Орал темір жолы» федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорнының электр энергиясын беру қызметіне талдау жүргізді.

Талдау қорытындысы бойынша, «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорнының қайта қаржыландыру ставкасын есепке ала отырып, негізсіз табыс сомасы 1 5 264 8 30 теңгені құрады.

Осыған байланысты, департаменттің 27 қазандағы бұйрығымен «Оңтүстік Орал темір жолы» федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорны үшін 1 желтоқсаннан бастап бір жылға «электр энергиясын беру» реттелетін қызметіне 0,31 теңге/Квтс мөлшерінде уақытша өтемдік тариф қолданысқа енгізіледі.

Төмендеу көрсеткіші - 81,55 % .


Жоғары қарай