Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавл әкімдігінің екі қызметкері жауапқа тартылды

2020 жылдың 23 қазан 2020 10:27

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы балалардың ойын алаңына қатысты шағымды тексеріп, заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл әкімдігі мердігермен балалардың ойын алаңын орнатуға қатысты келісім бағасын асырып жіберген.

«Петропавл қаласының тұрғындары жаңадан салынған, бірақ балалардың ойнауына қауіпті, әрі қоршауы мен тиісті жабындысы жоқ ойын алаңына қатысты шағымданды. Осыған орай СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының жұмыс тобы мониторинг жүргізді. СҚО ішкі мемлекеттік аудит департаментінің және «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа

орталық» РҚБ-нің СҚО бойынша филиалының материалдары негізге алына отыра тексеру барысында әкімдік пен «STRONG SERVIS» ЖШС арасында жасалған келісім «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды бұза отыра жасалғаны белгілі болды. Келісімнің жалпы сомасы 1 млн теңгеге артық болған «, - дейді «Nur Otan» партиясы СҚОФ өкілдері.

Партиялық бақылау комиссиясы осы партияның екі мүшесін жауапкершілікке тартуға ұсынылды. Мемлекеттік сатып алуда жіберілген заң бұзушылықтар үшін Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Владислав Лукин ескерту алып, Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бақыт Ильясов сөгіс алды.

Сондай-ақ комиссия әкімдікке балалар алаңын талапқа сай орнатуды 1 қарашаға дейін аяқтауды ұсынды.


Жоғары қарай