Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пенжімдегі шығын қалпына келтірілді – әкімдік

2021 жылдың 30 қазан 2021 21:13

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылында болған оқиғадан кейін ауылдағы үйлердің материалдық шығындары есептеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазірдің өзінде 30-дан астам үйдің терезелері толықтай қалпына келтірілген. Барлық шығынды Серік Ақсубаев, Закиржан Кузиев сынды белгілі кәсіпкерлер «өтеп береміз» деп отыр. Сонымен қоса терезелері сынған көліктер де қалпына келтіріліп жатыр.

«Тізім бойынша барлық үйдің терезелері қалпына келтірілуде. Осы бағытта жігіттер жұмыс жүргізуде. Бастысы ел аман, татулық, бірлік болсын»,- дейді кәсіпкерлер.

Сондай-ақ, оқиға болған күні кездейсоқ өртенген үйге аудан әкімдігі аталған кәсіпкерлермен бірлесіп көмек көрсететін болды. Электр сымының тұйықталуынан толықтай өртенген үйді қайта қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.

Естеріңізде болса 27 қазан күні Пенжім ауылында екі оқушының төбелесінен соң ауыл жастары көшеге шығып, соққыға жыққан тараптан кешірім сұрауын талап еткен болатын. Қазіргі уақытта полиция «Екі және одан да көп адамның денсаулығына қасақана зиян келтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша тергеу жүргізуде.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы,
Жоғары қарай