Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Педагогтардың жалақысын әрі қарай өсіру процесі жалғасады – Білім министрі

2021 жылдың 12 қазан 2021 11:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылдан бастап толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «BILIMDI ŪLT» баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасын таныстыру кезінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орта білім беру жүйесінің сапасын арттыруға тоқталсақ, Ұлттық жоба аясында бір жағынан қала мен ауыл және өңірлер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту, екінші жағынан жалпы республиканың білім сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қарастырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтардың жалақысын әрі қарай өсіру мәселесі қамтылды. Оқулықтарды әзірлеу және оларға сараптама жүргізуге жаңа тәсілдер әзірленеді, педагогтардың кәсіби дамыту жүйесі жетілдірілетін болады», - деді А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, пандемияға және алдыңғы оқу жылындағы қашықтан оқытуға байланысты «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру Ұлттық жобаға енгізілді.

«Қазіргі уақытта білім саласындағы тәрбие жұмысының маңыздылығын ескере отырып, «Құндылықтарға негізделген білім беру» тәрбие жобасын іске асыру, мектеп пен ата-ананың өзара қарым-қатынасы жүйесін жетілдіру, өзін-өзі басқару, дебат қозғалыстарын одан әрі дамыту сияқты жобалар да қарастырылды. Бұған қоса 2023 жылдан бастап толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру жоспарлануда. Бұл да қала мен ауыл мектептері арасындағы сапа алшақтығын шешуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, барлық балабақшада баланы дамытудың жаңа моделі енгізіледі.



Жоғары қарай