Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Павлодарлық әйел есірткіні ысқыштың ішіне салып, түрмеге кіргізбек болды

2019 жылдың 26 қазан 2019 14:20

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласының тұрғыны АП-162/4 түзеу мекемесіне есірткі кіргізбек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрмеге келген сәлемдемелерді қарау кезінде Павлодар қаласының тұрғыны әкелген бандерольден есірткі табылды. Ол өсімдік тектес есірткі затын аяқ киімге арналған ысқыштың ішіне салып әкелген.

«Түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізу үшін адамдар неше түрлі айла-шарғы ойлап табатын болды. Жыл басынан бері сотталушылардың туыстары мен таныстары тыйым салынған заттарды аяқ киімнің өкшесіне, азық-түліктің арасына, тіпті қолтықты терлетпейтін антиперспиранттың ішіне де салып өткізбек болды» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Павлодар қалалық полициясының тергеу тобы шақырылды.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Павлодар облысы,
Жоғары қарай