Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодардағы алаяқ атыраулықтың атынан 1 млн теңге несие рәсімдеген

2021 жылдың 27 шілде 2021 05:34

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Павлодардағы алаяқтың интернет арқылы атыраулықтың атынан 1 млн теңге несие рәсімдегені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 24 шілдеде Атырау қаласында тұратын 40 жастағы азаматтан шағым түскен.

«Шағымданушының айтуынша, оның ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы белгісіз

біреу 1 млн теңге несие рәсімдеген. Жәбірленушінің атына интернет арқылы несие рәсімдеген алаяқ Павлодар облысының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену ) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 60 адамды жұмысқа орналастыруға уәде берген

алаяқ ұсталған болатын.


Жоғары қарай