Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда жол апатынан 5 адам зардап шекті

2021 жылдың 25 ақпан 2021 09:56

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының маңында жол апатында 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 ақпан күні кешке «103» қызметіне Ленин кентінің жанындағы республикалық тасжолда екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама түскен. Жол апатынан бес адам зардап шекті.
«1964 және 1986 жылдары туған екі ер адамға жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы диагнозы қойылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жол апатынан үш әйел зардап шеккен, оның біреуі 81 жастағы зейнеткерде кеудесінің жабық сынығы анықталды.

1966 және 1974 жылдары туған екеуінде білек буынының көгеруі тіркелді, олардың біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Барлық зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Жоғары қарай