Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда жаяу жүргіншілер жолағында әйелді көлік қақты

2021 жылдың 22 ақпан 2021 09:13

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда әйелді жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 ақпан, сағат 8.00-де Павлодар қаласы Мира көшесіндегі 7/1 үйге қарама-қарсы бетте «ВАЗ 21083» автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған әйелді қағып кетті», - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апаты салдарынан әйел адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. «Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Тексеру жүріп жатыр», - деп толықтырды мекеме өкілдері.

Жоғары қарай