Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда жалған зейнеткерлерге жәрдемақы ресімдеген лауазымды тұлғалар сотталды

2020 жылдың 16 қазан 2020 17:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен аталған госпитальдің бұрынғы бас медбикесіне қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша тергеуді бастады. Бұл туралы онлайн брифингте Агенттіктің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысының Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің, Павлодар облысы бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың лауазымды тұлғаларының және 2005 жылдан бері бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлаумен айналысқан басқа да тұлғалардың құқыққа қайшы қызметінің жолын кесті», - дейді Агенттіктің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Оның айтуынша, Жоғарыда аталған қызметкерлер ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін Павлодар облысының іс жүзінде зейнеткерлік жасқа жетпеген тұрғындарына зейнетақы төлемдерін заңсыз ресімдеген.

«Оларға зейнетақы жалған құжаттар, оның ішінде ядролық полигон аймағында тұрғаны туралы куәландыратын мұрағаттық анықтамалар және көп балалы аналар үшін баланың тууы туралы құжаттар негізінде тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде заңсыз зейнетақыларды заңсыз ресімдеудің 100-ден астам фактісі анықталып, нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 110 млн теңгені құрады. Оның ішінде сотқа дейінгі тергеу барысында 80 млн теңгеден астам қаражат өтелді», - дейді ол.

Онлайн брифингте айтылғандай, Сот қарастыруының нәтижесі бойынша істің бас фигуранттары – Еңбек департаментінің бас маманы Смағұлова, ЗТМО директоры Бейсенбаев, ЗТМО директорының орынбасары Лукашова 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жалған зейнеткерлерге әртүрлі жазалар тағайындалады.


Жоғары қарай