Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда волейболшылар 4 жылдан бері төленбеген жалақысын алатын болды

2020 жылдың 1 тамыз 2020 06:44

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық волейболшылар мен билік жалақы берешегін өтеу мәселесінде ымыраға келді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының мәлімдеуінше, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов әйелдер және ерлер волейбол клубтарының өкілдерімен кездескен.

Ол спортшылар мен жаттықтырушылар алдындағы міндеттемелерден ешкім бас тартпайтынын және 2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында қалыптасқан барлық қарыз толығымен өтелетінін атап өтті. Бұл үшін жергілікті билік демеушілік қаражат іздестіріп жатыр.

«Өкінішке орай, жинақталған қарыз - шамамен 100 миллион теңге соңғы төрт жыл ішінде жылдан жылға көшіп отырды, - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары. - Осы уақыт ішінде олар біздің демеушілермен жасалған жаңа меморандумдар есебінен жабылып отырған болатын. Биыл демеушілік қаражат басқа қажеттіліктерге, соның ішінде коронавируспен күрес шараларына бөлінді. Қарыздың бір бөлігін осы жылдың соңына дейін, қалғанын жаңа меморандумға қол қойылғаннан кейін өтейміз. Біз қарыздың белгілі бір үлесін алдағы бір жарым-екі ай ішінде төлей бастаймыз».

Сәкен Шаяхметов қалыптасқан жағдай үшін спортшылардан кешірім сұрап, Павлодардың волейбол клубтарын алдағы маусымға бюджеттік қаржыландыру салынғанына сендірді.

Алайда, бюджеттік заңнама бұл қаражаттан спортшылар мен жаттықтырушыларға жалақы төлеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан ойыншылармен есеп айырысу үшін жаңа демеушілер тартылады.

Кездесуге қатысқан спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы - 30-ға жуық адам ұсынылған шартпен келісті және олармен мүмкіндігінше тезірек есеп айырысуды сұрады.


Басты сөздер: Оқиға, Спорт, Павлодар облысы,
Жоғары қарай