Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодарда үшем дүниеге келді

2020 жылдың 2 сәуір 2020 01:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Павлодарда үшем дүниеге келді.Оның екеуі қыз, біреуі ұл бала. Бұл туралы ҚазАқпарат Хабар 24 сілтеме жасап хабарлайды.

Нәрестелердің денсаулығы жақсы. Қазір олар перзентхананың интенсивті терапия бөлімшесінде жатыр.

Үшемнің анасы Светлана Арсланова осы қуанышты сәтті 10 жыл күткенін айтады. Сәбилеріне Богдан, Диана, Алина деген есім беріпті.

«Жолдасым жеке кәсіпкер, екі жақтың да ата-әжелері бар. Сондықтан үш баланың күтіміне алаңдамаймыз. Перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне алғысым шексіз. Балаларымның да, өзімнің де денсаулығым жақсы. Ешқандай асқынулар болған жоқ. Үйімізге шығатын күнді асыға күтіп отырмыз», – дейді үшемнің анасы Светлана Арсланова.

Атап өтерлігі, бұл – биыл өңірде дүниеге келген алғашқы үшем.

«Операция сәтті аяқталды. Балалар мерзімінен бұрын туған соң, жағдайлары орташа ауыр деңгейде деп айтамыз. Неонатолог дәрігерлер қарап жатыр. Салмақтары әртүрлі. Қыздардың біреуінің салмағы – 1 келі 500, екіншісі – 1 келі 800. Ұл бала ірілеу, 2 келі. Бәрі жақсы болып кетеді деп үміттенеміз», - деді Перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Жаңылай Қапанова.


Басты сөздер: Қоғам, Павлодар облысы,
Жоғары қарай