Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда үш көлік соқтығысып, жүкті әйел мен 8 жасар бала жарақат алды

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 21:38

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында автовокзал маңында автобус, «ГАЗ» және «Киа» маркалы көліктер соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыс орталығындағы Торайғыров көшесінде, автовокзалға жақын маңда автобус, «ГАЗ» және «Киа» көліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан жүкті әйел мен 2012 жылы туған кішкентай бала жарақат алды» деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен екеу ауруханаға жатқызылды. Бұл жайт тіркеуге алынып, қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру басталды. Сараптама тағайындалған» дейді ведомстводан.


Жоғары қарай