Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Павлодарда тоқ соғып, көз жұмған балалардың ісі бойынша үкім шығарылды

2020 жылдың 19 ақпан 2020 18:39

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -Павлодар қаласының №2 соты Жаңаауыл ауылында тоқ соғу салдарынан қаза тапқан 2004 және 2006 жылы туған екі жасөспірімнің өліміне байланысты айыпталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

№2 қалалық сотта Павлодар қаласының сәулет бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Тимур Айдархановқа, «Арыся» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Айтжан Сеисовқа және «ПРЭК» АҚ бас инженері Сергей Кириленкоға айыптау үкімі шықты.

Сот Айтжан Сеисовты ҚР ҚК-нің 254-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Осындай мерзім, бірақ ҚР ҚК-нің 371-бабы 2-тармағы бойынша Тимур Айдархановқа да белгіленді. Сергей Кириленко ҚР ҚК 254 және 104-баптарымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. - Оған ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бір жыл және алты ай жаза тағайындау ұсынылды, - деп үкім шығарды судья Жұлдыз Тілегенова. Үшеуі сот залында қамауға алынды. Көз жұмған балалардың отбасыларына моральдық зиянды өтеу есебіне сот Сейісов, Айдарханов және Кириленкодан 5 млн теңгеден өндіріп алу туралы қаулы етті.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 2019 жылы қыркүйек айында Жаңаауыл елді мекенінде болды. 2006 және 2004 жылы туған ағайынды екі бала қоршалған спорт алаңының аумағында ойнап жүрген. Олар төрт метрлік темір қоршауға түсіп, 6 мың вольт кернеулі кабельді кездейсоқ іліп әкеткен. Екеуі де аса ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды.

Басты сөздер: Павлодар облысы, Сот, Оқиға,
Жоғары қарай