Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Павлодарда суға батып өлмек болған ер адам құтқарылды

2019 жылдың 5 наурыз 2019 19:46

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары өзіне-өзі қол жұмсамақ болған ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 5 наурыз күні сағат 12 шамасында құтқарушылар Лермонтов жағажайының маңында мұздың жиегіне бара жатқан ер адамды көріп қалады. Құтқарушылар онда жүру қауіпті екенін айтып айғайлағанмен, ер адам оны ескермей жүре берген.

Құтқарушылар - Тисленко М., Чаленко В., Липов С. және Фургонов А. құтқару жилетін жамыла 1966 жылы туған ер адамды құтқару үшін жүгіре жөнелген. Алдымен жеткен Тисленко М. ер адамды құтқару үшін тіпті күш қолдануға мәжбүр болған. Құтқарушылар ер адамның суға батуына жол бермей, ақыры оны бұл ойынан қайтарды», - дейді департамент өкілдері.

Құтқарушылар ер адамды полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай