Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Павлодарда патруль полицейлері жағалауды электрмобильмен күзетеді

2019 жылдың 26 қазан 2019 11:40

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер электрмобильмен жағалауды патрульдейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласының орталық жағалауында демалушы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында павлодарлықтардың ең танымал демалыс орындарының бірін патрульдеу үшін құқықтық тәртіп сақшылары электромобильді пайдаланады.




«Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнында жаз кезінде күн сайын бұқаралық іс-шаралар өтеді. «Ертіс променадта» және «Отан променадта» шетелдік және отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді, челендж, флешмобтар, түрлі ауқымды акциялар өткізіледі. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметті тиімді атқару үшін енді электрмобильдер мүмкіндігін пайдаланамыз», - деп атап өтті облыстық департаменттің бастығы, генерал Амантай Әубәкіров.







Енді полиция департаментінің қарамағында электр жетегі бар 2 жаңа электрмобиль бар. Бұл экологиялық таза және үнемді көлік, бензинге шығын шықпайды. Қазіргі заманғы электрмобиль төрт адамға есептелген, сондай-ақ оның екі орны жолаушыларды тасымалдауға арналған.

Электрмобильдің жылдамдығы - сағатына 30 км дейін, қозғалыс қоры - 100 км. Ол әдеттегі тоқ қуатымен қуатталады және шу шығармай тыныш жүреді, бұл патрульдеу үшін өте маңызды.










Жоғары қарай