Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

2021 жылдың 26 тамыз 2021 17:39

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар қолға түсті. Алдын ала келтірілген шығын көлемі шамамен 17 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті жедел уәкілдер мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған қылмыскерлердің жолын кесті.
- «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жанар-жағармай өнімдерін жымқырды деген күдікпен бірнеше адамды ұстады. Олар Павлодар қаласының автожанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын облыс орталығындағы ұйымының қызметкерлері болып шықты. Күдіктілер алдын ала дайындалған. Олар тасымалданатын отынды жеткізу және құюмен айналысқан,- деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 1971 және 1974 жылдары туған екі павлодарлық ұсталды. Алдын ала келтірілген шығын шамамен 17 млн теңгені құрады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты «ешқайда шықпау туралы» қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.


Жоғары қарай