Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Павлодарда мас адам полицейге шабуыл жасаған

2020 жылдың 7 маусым 2020 06:16

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –Павлодарлық мас тұрғын полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Аталмыш фактіні Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Фархад Омаров растады.

« 6 маусым күні сағат 19:45-те Лермонтов көшесі, 96-үйдің әкімшілік учаскесін патрульдеу кезінде Павлодар қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Төкебаев 1989 жылы туған К. есімді азаматты байқап қалады. Одан алкогольдің иісі шығып тұрған. Ер адамның жанында әйелі мен кішкентай бала болды. Полиция қызметкерінің үйге кір деген ескертуін ер адам құлағына да қыстырмаған. Керісінше полицияны балағаттап, қарсылық көрсеткен. Оны бірнеше жерден жарақаттаған. К. полиция қызметкерінің формасы мен бейнежетонын зақымдады», - деп түсіндірді Фархад Омаров.

Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адам ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай