Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодарда коронавирустан жазылған азаматпен байланыста болған 154 адам бақылаудан босатылды

2020 жылдың 10 сәуір 2020 09:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 сәуір күні COVID-19 ауруынан емделіп шыққан азаматпен байланыста болған 154 адамның бәрі де бақылаудан босатылды. Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Біржан Досмайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Өкінішке қарай, біреуі көз жұмды. Қайтыс болған кісі 1936 жылы туған. Павлодар тұрғыны. Ол 8 сәуірде ауруханаға түскен. Сол күні ер адамнан коронавирус бойынша тест алынған еді. Келесі күні оның коронавирусты жұқтырып алғаны белгілі болды. Ер адам бронха демікпесімен, өкпенің созылмалы ауруы, жүректің ишемиялық ауруымен, үшінші дәрежелі артериялық гипертензиямен және көкірек терісінің қатерлі ісігі диагноздарымен есепте тұрған», - деді Біржан Досмайылов Павлодар қаласында онлайн режімде өткен өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көз жұмған қариямен байланыста болған 118 адамның 50-і ауруханаға жатқызылып, 65-не үй карантині тәртібі міндеттелген.

«Екінші науқас – 1981 жылғы Павлодар тұрғыны. 8 сәуірде КВИ белгілерімен жұқпалы аурулар емханасына жедел жәрдеммен жеткізіліп, жатқызылды. Қазіргі кезде оның жағдайы тұрақты. Емделушінің айтуынша ол 21 наурыздан бастап Қазақстанның бірнеше қаласында, соның ішінде Қарағанды, Шымкент, Тараз қалаларына барған. Онымен байланыста болған 158 адам анықталды. Олардың 6-ы стационарлық карантинге жатқызылып, 24 адам үй карантинін сақтауға міндеттелді. 38 адам басқа өңірлердің тұрғындары. Олар туралы мәлімет облыстардың тиісті мекемелеріне жіберілді», - деді ол.

Біржан Досмайылов кеше Павлодар облысында бір адамның КВИ-дан емделіп шыққанын да еске салды.

«1988 жылғы Ақсу қаласының тұрғыны емделу курсынан өтіп, жазылғаннан кейін тұрақты мекенжайы бойынша үй карантиніне жіберілді. Онымен байланыстағы 154 адамның бәрі бақылаудан босатылды», - деді ол.

Еске сала кетсек Павлодар облысында коронавирус індетінен бір адам көз жұмғаны кеше хабарланған болатын. Ол 1936 жылы дүниеге келген.


Жоғары қарай