Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодарда коронавируспен күреске ауыл дәрігерлері мен ЖОО түлектері тартылады

2020 жылдың 4 шілде 2020 19:36

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - COVID-19 инфекциясына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штабтың стационарларды медицина кадрларымен қамтамасыз ету бойынша онлайн отырысы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жедел штабтың баспасөз орталығының мәлімдеуінше, қала және аудан әкімдері провизор пациенттерімен жұмыс істеу үшін облыс орталығына баруға дайын бұрынғы медицина қызметкерлері мен жоғары медициналық оқу орындарының түлектері арасында кадрларды белсенді іздестіруде.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұған дейін провизорлық ауруханаларда жұмыс істейтін медицина кадрларын іздеуді күшейтуді тапсырған болатын. Бүгін ол қала және аудан әкімдерінің осы бағыттағы жұмыс барысы туралы есебін тыңдады.

- 60-қа жуық адам, оның үштен бірі - медициналық білімі барлар, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда жарияланған хабарландыруға жауап берді. Сонымен қатар, білім ұйымдарымен, жеке медициналық ұйымдармен және басқалармен жұмыс істеудеміз, - деді Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов. - Денсаулық сақтау басқармасымен тығыз байланыстамыз, барлық мәліметтерді таратып отырмыз.

Облыстың түкпір-түкпірінен медицина саласының бұрынғы қызметкерлері мен медициналық жоғары оқу орындарының түлектері жұмылдырылуда. Жақын күндері 20-дан астам адам аудандардан Павлодарға аттанады. Өңір басшысы мамандарды іздеуді жалғастырып, ауруханаларда жұмыс істеуге ниетті мамандарға ақы төлеу және әлеуметтік төлемдер мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Өткен тәулікте облыстың провизорлық ауруханаларына 367 адам түсті, 231 адам шығарылды. Ауруханаға жатқызылғандардың көпшілігі Павлодардан - 276 пациент.


Жоғары қарай