Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда көлік апатынан 9 адам зардап шекті

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 00:58

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында «ГАЗель» жүргізушісі жеңіл көлікке соғылып, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«14 қыркүйек күні сағат шамамен 16.55-те Торговая, 5/5 көшесіндегі сауда үйінің маңында «ГАЗель»-дің 47 жастағы жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай қалып, «Ауди А6» автомашинасымен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 9 адам дәрігер көмегіне жүгінді», - деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінен.

Факті бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды.

Жоғары қарай