Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөлік соқтығысты

2021 жылдың 26 шілде 2021 23:23

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда соқтығысқан жеңіл машина мен жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 17:57-де Успен көпірі аймағында өрт шыққан.
- Екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан Mercedes жүк көлігінің кабинасы толық, Volvo-ның кабинасы түгелдей, ал тіркемесі жартылай жанып кетті, - делінген хабарламада.

Жалпы ауданы 40 шаршы метр болатын 10 дана кабельдік катушкалар өртенді. Сонымен қатар, 30 шаршы метр аумаққа жанар-жағармай төгілген.
Оқыс оқиға салдарынан 1974 жылы туған Volvo жүк көлігінің жүргізушісін жедел жәрдем бригадасы Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізді.
Ал апат салдарынан шыққан өртті мамандар сағат 18:32 ауыздықтады.
Қазіргі таңда жол көлік оқиғасының себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқыс оқиға орын алған жерде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 18 адам жұмыс істеді.



Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай