Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда баласына алимент төлемеген әйелдің бас бостандығы 1 жылға шектелді

2021 жылдың 11 маусым 2021 12:29

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2021 жылы алимент төлеу бойынша сот үкімін немесе шешімін орындамағаны үшін өңірдің 67 тұрғыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алименттерді қасақана төлемеген 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
- 2018 жылы сот Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғынынан балалар үйінде тұратын кішкентай ұлын асырауға алимент өндіріп алу туралы шешім қабылдады. Сот шешімі бойынша әйел ай сайын ұлына жалақысының 1/4 бөлігін кәмелетке толғанға дейін төлеуі керек еді. Алайда, ол барлық талаптарды елемей, баласына ешқашан ақша төлемеген. Сот актілерін орындау міндеттілігі туралы сот орындаушыларының жазбаша хабарламалары мен ескертулеріне ешқандай әрекет жасамаған және пайда болған берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдамаған, - деді полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Қабдулманап Акебаев.

Осыған байланысты сот әйелді Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісі мен атқару құжатын орындамау» бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған және бір тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылған. Алайда осыдан кейін де тиісті қорытынды шығармаған.
Осы уақыт ішінде әйел жұмыс істеп, жалақы алған, бірақ оны сот орындаушысынан жасырған.

- Бүгінгі таңда әйел өзінің 5 жасар ұлына 1,5 млн теңгеден астам қарыз. Сондықтан 2021 жылғы 9 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оның баланы күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеді, - деді Қабдулманап Акебаев.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Сот, Қоғам,
Жоғары қарай