Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда әйелін өртеп жіберген ер адам 8 жылға сотталды

2021 жылдың 29 қараша 2021 20:56

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Аудандық сот күдіктіге үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысының Павлодар аудандық соты Б. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық істі қарады», - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айыпталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енбеді.

Сот 2021 жылдың 8 тамыз күні сағат 00:15 шамасында Розовка ауылындағы үйде жанжал кезінде Б. есімді азаматтың өзінің әйеліне спирт құйып, өртегенін анықтады.

Оның киімі мен шашы өртене бастаған. Дене жарақаты салдарынан зардап шегуші ауруханаға жатқызылған, 2021 жылдың 17 тамыз күні күйік шалып, қайтыс болған.

«Прокурор соттан Б. есімді азаматты кінәлі деп танып, оны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы өз кінәсін мойындады», - деді ведомстводан.

Айыпталушының кінәсін оқиға орны мен одан алынған заттарды тексеру хаттамалары, заттай дәлелдемелерді тіркеу қаулысы, зардап шегушінің сот-медициналық сараптамасының нәтижесі, айыпталушының айтқандарын тексеру және нақтылау хаттамасы, тергеушінің жансауқтау бөлімінде зардап шегушімен жүргізген әңгімесінің бейнежазбасы және басқа да дәлелдер растады.

«Баптың санкциясы 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Айыптауды кінәні мойындау, шын жүректен өкіну, қылмысты ашуға белсенді ықпал ету, қылмыстық құқық бұзушылықты бірінші рет жасау, екі жас баланың болуы жеңілдете алады», - деп қосты Павлодар облысы сотының баспасөз қызметі.

«Ал айыптауды ауырлататын жағдай – қылмысты мас кезінде жасау» деді облыстық соттан.


Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы, Сот,
Жоғары қарай