Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

2020 жылдың 25 қараша 2020 09:44

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша э кономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 550 млн теңгені құраған 2,4 мың тонна мұнай өнімі көлемінде жанар- жағармай материалдары заңсыз тасымалының жолын кесті.

Күдіктілердің іс-әрекеті санкциясы мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ҚР ҚК 197 бабының 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес сараланды.

Күдіктілер ұсталып, екі ай мерзімге қамал ды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.



Жоғары қарай