Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда 2 мыңға жуық адамның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі тексеріледі

2019 жылдың 28 қазан 2019 19:14

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеру бойынша диагностикалық тестілеуді 28 қазан - 1 қараша аралығында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Османованың айтуынша, «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеудің бірінші кезеңі диагностикалық тестілеу болса, екінші кезеңі - қазақ тілін меңгеру деңгейлерін бағалауға арналған сертификаттық тестілеу. - Жалпы, аймақта жыл сайын аталмыш тестілеудің екі кезеңі де белсенді түрде ұйымдастырылуда, - дейді Сәуле Османова. - Осы 5 күн ішінде тестілеумен 2000-ға жуық адамды қамту жоспарлануда. Күн сайын 400 адам өз деңгейлерін анықтай алады. Тестілеуге мемлекеттік қызметшілер, прокуратура, сот, кеден қызметкерлері және барлық ерікті адамдар қатысуда. Егер сертификаттық тестілеуге қатысамын деушілер болса ақылы түрде өтуге мүмкіндіктері бар. Биыл 100 адам сертификаттық тестілеуге қатысуға ниет білдірді. Оның ішінде 55 адам Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары және 45 адам KEGOC компаниясының өкілдері. Тестілеу нәтижесі екі жұмадан кейін белгілі болады. Әр мекеме басшылығына қатысушылардың тізімі мен жинаған ұпайлары жазылған хат жіберіледі.




ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Қазтест жүйесін дамыту жөніндегі басқармасы тестілеуді ұйымдастыру бөлімінің аға сарапшысы Нұрбек Нұрымбетов тестілеу 150 тест тапсырмасынын тұратынын және 150 минут уақыт берілетінін айтады. - Тест сұрақтары бес деңгейге бөлінген, бұл – қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары, - дейді аға сарапшы. - «Қазтест» бес жылдан астам өткізіліп келеді. Нәтижесінде көрсеткіш жыл сайын көтерілгені байқалады. Бағдарламаның 2020 жылға дейін мемлекеттік тілді 85 %-ға дейін көтеру пункті бойынша көрсеткішке жақындап келе жатырмыз. Нұрбек Нұрымбетов Павлодар облысы тестілеуді өткізу, ұйымдастыру жағынан жоғарғы деңгейде, ал көрсеткіш бойынша солтүстік өңір болғандықтан, оңтүстік өңірлеріне қарағанда төменірек екенін айтады.

Айта кеткен жөн, «Қазтест» жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELL, tömer, және т. б. жүйелерінің қағидаттарына негізделіп жасалған.




Басты сөздер: Павлодар облысы, Білім, Тіл,
Жоғары қарай