Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодар облысының Баянауыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі қызметіне Қанат Кәрімов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Қанат Кәрімов аудан әкімінің орынбасары болған. Жаңа басшыны активке Павлодар облысының әкімі таныстырды.

«Қанат Кәрімов 1964 жылы Баянауыл ауданында туған. 1986 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын аяқтап, «тарих, қоғамтану және совет құқығы» мұғалімі мамандығын меңгерген. Отыз жылға жуық еңбек өтілі бар, мемлекеттік қызметте 15 жылдан бері жұмыс істейді», - деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2012 жылы Қанат Кәрімов «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атанды, 2013 жылы «Құрмет» орденін алған.

Жоғары қарай