Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында жыл басынан бері 17 бала жоғалып кеткен

2021 жылдың 17 сәуір 2021 13:58

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жыл басынан бері жоғалған 17 баланың 14-ін тәртіп сақшылары сол күні іздеп тапса, қалғанын үш тәулік ішінде тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысының Полиция департаментіне кәмелет жасына толмаған балаларды іздеу бойынша 17 хабарлама келіп түскен. Оның 14-і олардың жоғалғаны туралы келіп түскен хабарламадан кейін алғашқы тәуліктер ішінде табылса, қалған үшеуін тәртіп сақшылары үш күн ішінде тапқан», - деді Палодар облысы Полиция департаментінен.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, наурыз айында 2014 және 2015 жылы туған екі кішкентай қыз ата-аналарымен болған жанжалдан кейін үйден кетіп қалып, қайта оралмағаны полицияға хабарланды. Алғашқы екі күн бойы ата-анасы балаларды өздігінен іздеген, оларды таба алмағандықтан полицияға жүгінген.

«Департаменттің жеке құрамы дереу жиналды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлердің барлық кіреберістерін, балалар алаңдарын тексерді, олардың құрбыларымен сұхбаттасты. Полицейлер кәмелетке толмағандарды қала аулаларының бірінен тапты», - деп хабарлады департаменттен.

Полицейлердің айтуынша, өз еркімен кеткен кәмелетке толмаған баланы іздеу кезінде тек достары мен таныстарының телефондарына хабарласумен, аула аумағын айналып өтумен шектелуге болмайды.

«Егер сіздің балаңыз түнде үйге оралмаса және оның орналасқан жерін өз бетінше анықтау мүмкін болмаса, дереу полицияға хабарласыңыз. Жоғалған сәттен бастап үш күн өткенше күтудің я болмаса бір-екі күннен кейін баланың өзі сізге қоңырау шалады деп күтіп, үміттенудің қажеті жоқ», - деп атап өтті құқық қорғау органдары.

Автор: Антон Гагарин


Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай