Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Павлодар облысында жүкті әйелді әкеле жатқан медициналық көлік далада қалды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 11:25

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Екібастұз қаласы маңында жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі.

«23 қаңтар күні, сағат 04.00-де Екібастұз құтқарушылар пультіне Шідерті кентінен 20 шақырым жерде, республикалық тасжолда Төртқұдық ауылынан шыққан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалғаны туралы хабарланды. Жедел жәрдем көлігінде жүкті әйел болған (жүктіліктің 40-аптасы)», - деп мәлім етті журналистерге Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағынан.

Оқиға орнына Екібастұз құтқару жасағының екі маманы «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен аттанған.




«Құтқарушылармен бірге қаладан екінші жедел жәрдем көлігі жолға шыққан. Бірақ бұл көлік те қаладан 15 шақырым жерде қарға батып қалған. Құтқарушылар медициналық қызметкерлерді (екі адам) өздерімен алып кетіп, толғағы қысқан әйелге барған және қар құрсауында қалған көліктегі екі адамды (жүкті әйелді күйеуімен) алып кетті», - деді ТЖД-дан.




06.36-да оларды Екібастұз қаласынан 15 шақырым қашықтықта күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне отырғызды. Толғағы қысқан әйел ауруханаға уақытылы жеткізілді.








Авторы Антон Гагарин


Жоғары қарай