Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

2021 жылдың 18 ақпан 2021 17:42

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін сағат 15:00-де Омбы - Майқапшағай автожолында «Лада-грант» және «Ауди-100» автокөліктері соқтығысты.
Апат салдарынан «Лада» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қасындағы екі жолаушы мен «Ауди-100» автокөлігінде болған екі адам ауруханаға жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.


Жоғары қарай