Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында жоғалған ағайындылардың тағы бірінің денесі табылды

2021 жылдың 26 қазан 2021 19:02

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 5 қазанда жоғалған ағайындылардың тағы бірінің денесі Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі даладан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 қазан күні сағат 16:20-да Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі даладан ағайындылардың екіншісінің денесі табылды. Ол 1985 жылы туған. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптама тағайындалды», - деп мәлім етті Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 19 қазан күні Ақсу қаласының полициясына Екібастұз тұрғыны хабарласып, екі ағайындының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы айтты. Олардан 5 қазаннан бері хабар-ошар болмаған. 25 қазан күні ағайындылардың бірінің мүрдесі табылды. Сараптама қорытындысы бойынша өлім себебі – ағзаның суықтап қалуы.



Авторы: Антон Гагарин


Басты сөздер: Павлодар облысы, Аймақ,
Жоғары қарай