Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында малшы 36 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді

2021 жылдың 15 маусым 2021 16:01

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жылқышы 36 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында табыншы 2017-2020 жылдар аралығында 36 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілініп, ұсталды.

«Павлодар облысында 2017-2020 жылдар аралығында жеке пайда түсіру мақсатында және пайдакүнемдік ниетпен Ертіс ауданы Ағашорын ауылының еркін жайылуынан 36 бас жылқы ұрлаған ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Бұдан басқа, табыншы кейбір мал иелеріне малының өлгенін хабарламай, ақысын алуды жалғастыра берген», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Аталған фактілер бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы 1-бөлімі (Алаяқтық) және 188-1-бөлігі 3-бөлімі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ер адам 2017-2020 жылдар аралығында 13 ұрлық фактісін жасады деп күдікке ілінді.


Жоғары қарай